Неге біз бірнәрсеге зейін салып қарағанда бізге сөйлеп жатқандарды естімей қаламыз?
Бұндай «кереңдікке» бәріміз тап болып тұрамыз. Метрода, автобуста қызық кітап оқып отырып, керекті аялдамамыздан байқамай өтіп кетеміз, есеп шығарып отырып, басқалардың бізден не сұрап тұрғаны құлағымызға кірмейді.
Бұл құбылысқа «зейінсіз кереңдік» деген атау берілді. Ол, адамның өміржасына және жынысына қарамастан, барлық адамда қандай да болсын бір дәрежеде байқалып тұрады. Шындығында, күнделікті күйбің тірлікте жиналған тәжірибеге сүйенсек, бұл ер кісілерден көбірек байқалатынын жазғың келеді де тұрады. Алайда, «зейінсіз кереңдіктің» айғағын есептемесек, бұл соңғы айтқанымыз расталмай келеді.
Профессор Нилли Лави жетекшілік еткен Лондон колледжі университетінің қызметкерлері жүз адамнан құралған тесттік топ жинақтап, оларды компьютер алдына отырғызып қойды. Олардың барлығы күрделілігі...