Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі үздік 210 университеттің қатарына енді
![Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі үздік 210 университеттің қатарына енді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20190619165342.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде ТОП-210-ға енді. Алматылық жоғары мектеп 13 қадам алға жылжып, 207-орынға орналасты. Рейтингке ең үздік 800 университет қатысқан.