G20 елдері мұхитқа тасталатын пластик көлемін азайтуға келісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - G20 елдерінің өкілдері Жапониядағы Каруидзава қаласындағы кездесу барысында Дүниежүзілік мұхитта қалқып жүрген пластикалық қоқысқа қарсы күресте бірлесе іс-қимыл жасайтын халықаралық құрылым құру жөнінде келісті. Бұл туралы жексенбі,16 маусым күні жапондық Kyodo агенттігі хабарлады.