"Сайлаудың шынайы нәтижесі" және "Қосановтың жеңісі"
Осы аптада аймақ басылымдары маусымның 9-ы күні өткен кезектен тыс президент сайлауы туралы жазды. "Ақжайық" басылымы Атыраудағы сайлау учаскелерінің бірінде "комиссия төрайымының бюллетеньдерді алып қашып, тәуелсіз бақылаушылардың оны тоқтатпақ болғаны" жайлы оқиғаға тоқталды. Оралдағы сайлау учаскелерінің басым бөлігін бақылаған тәуелсіз бақылаушылар ресми нәтижемен келіспей отыр.