Терроризм мен Арал мәселесі. Душанбедегі жиында не талқыланды?
15 маусымда Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті өтті. Жиынға Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей президенттері қатысты. Кеңеске мүше тағы 18 елден премьер-министрлер, вице премьер-министрлер және сыртқы істер министрлері келді. Бұл – кеңестің Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевсыз өткен алғашқы саммиті.