Еңбек Ері Құралай Бәйменова 20 жылдық жұмысын қорытындылады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына 20 жыл толды. Арбада отырып, тұрмыс құрып, балалы болған, спорттық жетістіктерге жеткендер және жанашырлар, еріктілер өз құттықтауларын арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.