Алматыда өртеніп жатқан үйден 2 газ баллоны шығарылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда өртеніп жатқан жеке үйден 2 газ баллоны шығарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, түнде Түрксіб ауданында орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты. Отқа оранған үйден 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Осылайша жарылыстың алды алынды.