Былтыр Алматы облысында мың жарымға жуық бала жарақат алып, ауруханаға түскен
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр Алматы облысында мың жарымға жуық бала жарақат алып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер жаз айы басталғалы бері медициналық көмекке жүгінген балалардың көбейгенін айтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.