Түркістан қаласында 400 гектар аумаққа саябақ салынады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы жаңа саябақтардың жайымен танысып, ондағы тазалыққа жауапты азаматтармен жолықты. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.