Ресей Covid-тен қайтқандар саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты
Ресейдің ұлттық статистика агенттігі 2 сәуірде елде коронавирустан 225 мың адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұл – былтырғы сәуірден биылғы ақпанға дейінгі көрсеткіш. Осы көрсеткіш бойынша, Ресей коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орынға шықты. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та 553 мың, Бразилияда 328 мың адам Covid-тен көз жұмған. Ресей статистика агенттігі жариялаған сан коронавируспен күрес жөніндегі үкімет штабының көрсеткішінен екі еседей көп. Читать дальше...