Оралда прокурор әйелін кепілге алды деп айыпталған тұрғынды 13 жылға соттауды сұрады
Орал қаласында өтіп жатқан сотта прокурор әйелін кепілде ұстаған тұрғын Ерлан Исламғалиевті 13 жылға соттауды сұрады. Прокурор айыпталушы жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеуі тиіс деп санайды. Исламғалиев "былтыр қарашада әйелі Ираида Исламғалиеваны кеңседе пышақпен және гранатамен қорқытып, кепілді ұстады" деп айыпталған. Оған Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылған. Істі судья Шара Зайнуллина қарап жатыр. Жәбірленушінің құқығын қорғап жүрген "НеМолчи.kz" құқық қорғау қорының өкілдері... Читать дальше...