Оралда пикет өткізген белсенді полиция бастығының отставкасын талап етті
14 қаңтарда Оралда белсенді Данияр Інжіғалиев полиция ғимаратының алдында жалғыз адамдық пикет өткізді. Оның қолында "БҚО-да полиция бассыздығы тоқтатылсын! Әбіләзімов қызметінен кетсін!" деген жазуы бар плакат болды. Полиция басқармасының бастығы Масудхан Әбіләзімов белсендіні қабылдап, сұрақтарына жауап берді. "Кеше, 13 қаңтарда Зашағанда (Орал ауданы - ред.) ағамды көлік қағып кетті, ол жергілікті полиция бөлімшесіне барып, сол жақтан маған хабарласты. Ағама көмектесу үшін бөлімшеге барған... Читать дальше...