Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасында жұмысшы мерт болды деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Хабарламада қазандыққа қызмет көрсету жөніндегі шебер болып істеген ол адам 16 қарашада жұмыс орнында қаза болғаны ғана айтылған. Төтенше оқиғаның жай-жапсары туралы өзге ақпарат жоқ. Компания адам қазасына апарып соққан оқиғаны тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады.
Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, марқұмның денесі көмір салатын бункерден табылған. Читать дальше...