Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке естелік тақта орнатылады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Рязан облысы Қасым қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалды тақта орнатылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.