«Діни алауыздықты қоздырды» және «терроризмді насихаттады» деп айыпталған 37 жастағы Жанна Өмірова 19 тамызда Алматы маңындағы Жауғашты елдімекеніндегі ЛА 155/4 түрмесінен босап шықты. Бұл туралы ол Азаттыққа өзі айтып, түрме жанында анасы Күлаш Өміровамен түскен фотоны жолдады. Өмірова түрмеден шыққан соң туыстарымен бірге Қапшағайдағы үйіне кеткен.
ЛА-155/4 түрмесі 2 тамызда Іле аудандық көшпелі соты Өмірованың қалған жаза уақытын бас бостандығын шектеу айыбына ауыстырғанын хабарлаған. 15 күннен кейін сот үкімі күшіне енді. Читать дальше...