Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік соты 5 шілде күні белсенді Әлібек Молдинді бес тәулікке қамады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Соттың мәліметінше, 4 шілде күнгі сағат 11.05 шамасында полиция қызметкерлері Әлібек Молдиннің үстінен әкімшілік хаттама толтырмақ болып, оның өздерімен бірге полиция бөлімшесіне баруын өтінген. Әлібек Молдин полицияның талабына бағынбаған.
Сот қала тұрғынын «полицияға бағынбады» (Әкімшілік кодекстің 667-бабы) деп айыптады. Белсенді сот үкімімен келіспейді. Читать дальше...