Дзюдошы Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанды
20 сәуірде Фуджейрада (БАӘ) дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Сенбіде 66 келіде Ерлан Серікжанов алтын алды. Финалда Серікжанов қазақстандық Елдос Жұмақановпен кездесуі тиіс болған. Бірақ Жұмақанов белдесуге шықпады. Әйелдер арасында 48 келіде Қазақстан құрамасының мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг (Моңғолияда туған) күміс алды. Ол финалда Қытай спортшысы Ли Янанмен күресіп, жеңілді. 60 келіде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ол үшінші орын үшін кездесуде өзбекстандық Шарифуддин Лутфиллаевты жеңді. Читать дальше...