Президенттікке кандидат 2 млн 125 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттар 2 млн 125 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.