Астанада Сирия келіссөзінің 11-кезеңі басталды
Астанада қарашаның 28-і күні Сирия бейбіт келіссөзінің он бірінші кезеңі басталды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөзге оған қатысушы барлық тарап, оның ішінде Сирия қарулы оппозициясының делегациясы мен БҰҰ-ның Сирия бойынша елшісі Стаффан де Мистура келді. Ресей делегациясын президенттің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясын сыртқы істер министрінің саяси мәселелер бойынша көмекшісі Хусейн Джабери Ансари бастап келді. Читать дальше...