АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне оқ атылды
Түркия астанасы Анкарада белгісіз адамдар АҚШ елшілігіне оқ атқан. Оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған. Полиция мен елшілік өкілдерінің хабарлауынша, ешкім жараланбаған. Шабуыл жасаушылар елшілікке көліктен оқ атып, қашып үлгерген. Бірнеше оқ күзетшілер отыратын жердің терезесіне тиген. Елшілік осы аптада мұсылмандардың Құрбан айт мерекесіне орай жұмыс істемейді. Оқиға Вашингтон мен Анкара арасындағы қарым-қатынастың нашарлаған кезімен сәйкес келді. АҚШ Түркиядан америкалық пастор Эндрю Брансонды босатуды талап еткен. Читать дальше...