Алматыда 31 мамыр күні бір топ қоғамдық белсенді мен қала тұрғындары ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. "Жаңа Қазақстан" форумының өкілдері Әміржан Қосанов, Расул Жұмалы, саясаттанушы Дос Көшім, журналист Гүлжан Ерғалиева қаладағы Наурызбай мен Қабанбай көшелерінің қиылысындағы, бұрынғы НКВД ғимараты алдындағы саябақта 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Ескерткішке ара-тұра қала тұрғындары да келіп гүл қойып, тағзым етіп жатыр. Читать дальше...