Прокуратураны азаптау фактілері бойынша есеп беруге шақырды
Қазақстанда Бас прокуратура Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) өкілдері хабарлаған азаптау мен қатыгездік таныту фактілері бойынша арнайы жария есеп беретін ереже енгізілуі тиіс. Бұл жайында 26 сәуірде Астанада өтіп жатқан "ҰПМ және ұлттық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп азаптаудың алдын алу" форумында таныстырылатын 2017 жылы түрмелерге тексерудің қорытынды есебінде ұсыныс жасалды. Баяндамада ҰПМ өкілдері былтыр 25 оқиға бойынша арнайы түрде түрмеге барғаны, бірақ азаптау мен қатыгездік танытуға қатысты арыз саны азаймай тұрғаны айтылады. Читать дальше...