Қазақстан мен Сингапур президенттері бір-бірін дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығымен құттықтады
БЕЙЖІҢ-СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мен Сингапурдың арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғанына 25 жыл толды. Атаулы күнге орай екі мемлекеттің басшылары бір-бірін құттықтап жеделхат жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі Сингапурдің беделді «The Straits Times» басылымына сілтеме жасап.