Алматыда республикалық құсбегілер турнирі басталды
Алматыда 8 ақпанда құсбегілердің республикалық турнирі басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қаладағы ипподромда басталған «Қыран-2018» турнирі 10 ақпанға дейін өтеді. Турнирге Қазақстаның он аймағынан 60-қа тарта құсбегі келген. Бүгін турнир барысында құсбегілер бүркіттерін шырға салды (түлкі, қоян сияқты аңдарды аяғын тұсап атпен сүйреп жүріп, оған құс салып жаттықтыру). 9 ақпан – турнирдің екінші күні сұңқар, қаршыға, ителгі және лашындардың аң алу машығы сыналады. 10 ақпан күні сайыста тең түскен бүркіттер қасқырға салынбақ. Читать дальше...