Маңғыстауда вагон тексеруші пойыз апатының алдын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғышлақ станциясында вагон қараушы Берік Дүйсембаев пойызды техникалық тексеру кезінде пойыз қозғалысына аса қауіпті вагон құрамының жолдан шығып кетуіне себеп болатын ақауды анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.