Астана-Үшарал рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алакөлге жақын орналасқан Алматы облысындағы Үшарал қаласына Астанадан бортында жолаушылары бар бірінші ұшақ ұшады. Бұл туралы Фейсбукте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.