Өзбекстанның жаңа Президенті сауда үшін барлық мүмкіншіліктерді ашты - Елбасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның жаңа Президенті өзбек-қазақ сауда-саттығы үшін барлық мүмкіншіліктерді ашты. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен болған келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.