Астанада ЭКСПО-2017 еріктілерін дайындау бойынша бағдарлама басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде 3000 ерікті іріктелді, олардың көбі ЖОО студенттері. Тыңдаушылардың бірінші тобы дау-дамайларды шешу бойынша тренингтен өтті. Астаналық еріктілермен бірге елордада супервайзерлер де білім алды, олар өз тәжірибесімен өңірлердегі әріптестерімен бөлісетін болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.