Елбасы барлық уақытта халықтың әл-ауқатын арттыруға назар аударды - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы
![Елбасы барлық уақытта халықтың әл-ауқатын арттыруға назар аударды - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы](https://www.inform.kz/fotoarticles/20190214170324.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы барлық уақытта да әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсету шараларын тиімді жүзеге асыру маңыздылығына назар аударды, деп атап өтті ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.