Еліміздің оңтүстігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы тәуліктерде еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында күннің жылуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.