Сәбилер бөбектер үйіне әртүрлі жағдаймен түседі
Шымкентте төрт жасқа дейінгі балаларға арналған бөбектер үйі жұмыс істейді. Мұнда ата-анасы әртүрлі себеппен уақытша тастап кеткен төрт жасқа дейінгі 60-тан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Арасында жасқа толмаған сәбилер де бар. Азаттық тілшісі ондаған балаға пана болған бөбектер үйіне барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.