Мемлекеттің міндеттемесі жоқ МЖӘ шарттары тіркеуге алынбай отыр - Сүлейменов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік міндеттемелер көзделмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарды қазынашылық органдар тіркеулері қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.