Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы ақылы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы ақылы болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.