Көкшетауға жауған қар қала тұрғындарын әбігерге салды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда түнде толассыз жауған қар қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Таңертең қар еріп, үлкен шалшық сулар пайда бола бастады. Қаланың орталық көшелерінде көлік кептелістер орын алуда. Осының салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.