Бүгін Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын болып, тек оңтүстік-батыста жауын жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.