Үш облыста үсік жүреді: 2 қазан күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аумақтары атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста найзағай күтіледі. Республиканың жекелеген аумақтарына тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.