Астанада ерекше балаларға арналған ойын алаңы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kunshyaq» инклюзивті платформасы әкімдіктің және «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен құрылды. 29 қыркүйекте астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Ол «Қазақстан» спорт кешені ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.