Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмалары жөнінде кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауларында, «Ұлт жоспарында», «Бес әлеуметтік бастамасында», сондай-ақ, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, Парламент сессиясының ашылуында және өңірлерге сапарлар кезінде берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.