Алматыда полицейлер «Орташа жылдамдық» бағдарламасын іске қоспақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жылдың соңына қарай Алматы жолдарында жылдамдықты шамадан тыс арттырған жүргізушілерді анықтайтын арнайы бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы Алматы ІІД бастығы Серік Күдебаев ІТ-индустрия өкілдерімен кездесуде айтты.