Қызылордада агроөнеркәсіпте экспорт бағытындағы 10 жоба жүзеге аспақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Сыр өңірінде агроөнеркәсіп саласында экспортқа бағытталған 10 жоба іске асырылады. Аталмыш жобалардың инвестициялық құны -7,1 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.