Рудныйда жоғалып кеткен жасөспірім қыздар Теміртаудан табылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер 12 тамызда жоғалып кеткен рудныйлық оқушы қыздарды Теміртау қаласынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.