Қызылордалық ғалымдар жоғары өнімді қауын сортын шығармақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары кезіндегі «Күләбі» қауыны секілді жоғары сортты қауын өсіріп шығаруға ден қойып отыр. Мамандардың айтуынша, 1 гектардан 50-60 тоннаға дейін өнім алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.