Франция әлем чемпионатының финалына шықты
Жартылай финалдағы екінші матч 11 шілдеде Англия мен Хорватия арасында өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен команда финалда Франциямен кездеседі. Жеңілген құрама Бельгиямен қола медальға таласады.
Франция 1998 жылы өткен әлем чемпионатының финалына шығып, жеңіске жеткен. 2006 жылы финалға шығып, Италиядан жеңілген.
2014 жылғы әлем чемпионатын ұтқан Германия құрамасы биылғы біріншілікте топтық кезеңнен шыға алмады.
Қола үшін матч 14 шілдеде, финал 15 шілдеде өтеді.