Синоптиктердің 18 маусым күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 18 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ күшті жел, дауыл, бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.