ОҚО-дан Қытайға экспортталатын ауылшаруашылық өнімдері артады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасы «Шэньси ауыл шаруашылығы экономикалық бірлестігі» компаниясының Президенті Фанг Ши Джинг бастап келген делегациясымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту және өңірімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау мәселесін талқылады.