Дональд Трамп: Ким Чен Ынмен кездесу 12 маусымда өтеді
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ынмен кездесу 12 маусымда өтетінін хабарлады. Бұл мәлімдеме тараптардың бірнеше апта бойы мәмілеге келе алмағандарынан кейін жасалды, деп хабарлайды Рёнхап.