ОҚО-да Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұржан Теңлібаевтың қылмысының жолын кесті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.