Ат бәйгесінен 57 көлік ұтқан 13 жасар бала: Қамшы басар тұсты дөп табу қажет
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жақында Қостанай облысында өткен аламан бәйгеде белгілі атбегі Қанат Қасымовтың «Бәйтерек» атты сәйгүлігі бірінші келді. Оны тізгіндеген 13 жасар жеткіншек Ақжол Жұматай өзінің 57-ші көлігін ұтып алды. Бәйгеден соң жас шабандоз «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен әңгімелесіп, өзінің жоспарларымен бөлісті.