Семейде 10 жыл тұралап тұрған мешіттің құрылысы қайта басталады
![Семейде 10 жыл тұралап тұрған мешіттің құрылысы қайта басталады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180521120715.jpg)
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 2008 жылы іргетасы қаланған мешіттің құрылысы әлі күнге дейін тоқтап тұр. Оған себеп - қаржы тапшылығы. Енді осы жазда мешіт құрылысы қайта жанданбақ. Бұл үшін кәсіпкерлер тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.