Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.